"Әкеге қарап ұл өсер"

Маусымның үшінші жексенбісі "Әкелер күні". Бұл мерекенің мақсаты отбасылық құндылықты арттыру арқылы қоғамдағы әке мәртебесін көтеру. 

Расында да қазіргі қоғамда ата-ананың тәрбиесі ауадай қажет. Оның ішінде ер балаға әкенің тәрбиесі өте маңызды. Бүгінде ата-аналар жұмысбасты. Бала көбіне үйде өзі қалады. Осы себепті бала тәрбиесі назардан тыс Әсіресе әкенің қабағын түсінбейтін ұлдардың өсіп келе жатқаны жасырын емес. Осындайда әкенің бір ауыз сөзі, балаға деген мейірімі, оны өмірге бейімдеуі, міне осы бағытта әкелердің рөлін көтеру керек деп ойлаймын.

 Біз ұрпақ тәрбиесін аналардың мойнына артып қойған сияқтымыз. Ал шын мәнінде, әкенің бір жиналысқа барғанының өзі баласының мерейін өсіреді. Сондықтан әрбір отбасында әкелердің рөлі зор екенін есте ұстағанымыз жөн. Өйткені, қазақ халқы " "Әкеге қарап, ұл өсер" деп сөзді бекерден-бекер айтпаса керек.

 

  Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521