Кен алаңының 50 жылдығы тойланды

Кеше мұнай-газ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша С.Балғымбаев кен алаңының 50 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

«КазМұнайГаз ҰК» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев, ардагер мұнайшылар, «Ембімұнайгаз» компанисы басшылары мен аудан тұрғындары қатысқан шарада С.Балғымбаев кен алаңындағы 150 орындық жаңа асхана мен күрделі жөндеуден өткен «Жайықмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының бас кеңсесі тапсырылды. Салтанатты жиында «КазМұнайГаз ҰК» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев бастаған мұнай саласының басшылары мен аудан әкімі М.Мурзиев кәсіби мереке иелерін құттықтап, ардагерлер мен қызметкерлерге әр түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.

Мерекеге орай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде өткен республикалық ақындар айтысы да көпке көтеріңкі көңіл сыйлады. Онда елге танымал Бекарыс Шойбеков, Балғымбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, облыс атынан Саадат Нұрманов, Сырымбек Сәрсенбаев, Шалқарбай Ізбасаров сынды ақындар сынға түсті.

Айтыстан соң орталық стадионда Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың және облыс әншілерінің қатысуымен гала канцерт өтті. Думан мерекелік от-шашуға ұласты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521