М.Досмұхамбетов құтқарушыларды құттықтады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов құтқарушылар күніне орай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне арнайы барып, төл мерекелерімен құттықтады, - хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Құтқарушы болу – әрдайым жоғары дайындықты, үлкен жауапкершілікті, сондай-ақ кәсіби іскерлік пен қырағылықты талап етеді. Төтенше жағдайлар кезінде Отанға деген сүйіспеншілікті терең түсінетін Сіздердің қоғамдағы орындарыңыз ерекше» деген аймақ басшысы олардың жыл сайын адам өмірін ғана емес, қаншама материалдық дүниелерді сақтап, қыруар қаржылық шығындардың алдын алатынын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, антына адал қызмет етіп жүрген үздіктерді марапаттап, заманауи 8 арнайы қызметтік автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

20qutqaru-min

Бір күн бұрын атыраулықтар облыстағы құтқару техникаларын көріп, арнайы үйретілген иттердің шеберлігін тамашалаған болатын. Ашық аспан астында «Сұлтан Бейбарыс» алаңында ұйымдастырылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының дайындығы мен құтқару қызметі техникаларының көрмесін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы барып көрген болатын. Шара құтқарушылар күні мерекесі мен ҚР Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойына арналыпты.

20qutq-min

Тұрғындар назарына Атырау қалалық гарнизонындағы жауынгерлік есептегі техникалар арасынан 17-сі яғни командалық-штабтық автокөліктер, автосатылар, өрт сөндіру, дәрігерлік, судан құтқару техникалары ұсынылған болатын. Олардың қатарында гидроцикл, өтімділігі жоғары "Трэкол" жол талғамайтын көлігі, "Холматро", "КУНГ вахтовка" сынды арнай көліктер бар. Сондай-ақ фото-видео түсірілім жасайтын және өзге де арнайы құрал-саймандар қойылған. Ал арнайы үйретілген иттер қауіпті жағдайда қалай әрекет ететіндерін көрсетті.

20qutqarushi-min

Азаматтық қорғау полковнигі, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың сөзінше, техникалардың қызмет көрсету мерзімі 15-20 жыл. Десе де, төтенше жағдайлар департаменті табиғи және техноагендік жағдайларға қарсы тұратын заманауи техникалармен толығып отырады. Әсіресе, соңғы үш жылда заманауи өрт сөндіру және апаттық құтқару техникалары алынған.

20qut-min

Сонымен қатар, былтыр Самал мөлтекауданында депо ғимараты берілген.

Құтқару техникаларын өз көзімен көрген атыраулықтар қызықтырған сұрақтарына тиісті мамандардан жауап алды. Жұртшылық суретке түсіп, облыста құтқару техникалары базасының қуатты екендерін, олардың көбін алғаш көріп отырғандарын, облыстық төтенше жағдайлар департаменті туралы мол ақпарат алғандарын жасырмады.

20qutt-min

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері техногенді және табиғи апаттар, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да жағдайларда зардап шеккен адамдарға сауатты да, кәсіби көмек көрсетуге қашан да сақадай-сай екендерін көрсетті.

Айта кетелік, 1995 жылы 19 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен құрылған Төтенше жағдайларды алдын алу және жою комитетінен басталатын тарихы бар мекемеде 25 жылда үлкен өзгерістер болған. Жуырда Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылып, үлкен реформалар жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521