М.МУРЗИЕВ: Құрбан айт құтты болсын, жерлестер!

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!

Дін тірегі - имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет, парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, ізгі еліміз күн санап өркендеуде. Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық пиғылдағы келісім арқасында қазақ жерінде 140 этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Ендеше, қадірменді ағайын, әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін. Алла Тағала баршамызға береке-бірлік, ынтымақ пен бейбіт өмір сыйласын.

Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!

Құрметпен, Исатай ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521