Мерейлім - мақтанышымыз

Мерейлім Сатыбалдықызы - Исатай орта мектебінің 1 сынып оқушысы.

Зерек, алғыр, білімпаз қыз. Ол ауызша пәндерді өте тамаша орындайды.

Мерейлімді ерекше тәрбиеленушісі санайтын апайы Қалима Сейілханқызы ол жайлы былай дейді: «Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу пәндерінің тапсырмаларын орындаған кезде өзінің сөздік қорының өз жасынан артық дамығандығымен ерекшеленеді. Ауыз әдебиетіне жаны құмар, ертегілерді нақышына келтіре айтып, ойын ойнау үстінде берілетін жағдаяттардан Мұқағалидың, Абайдың өлеңдерін айту арқылы шығып отырады».

Жетістіктері - дәстүрлі жылма-жыл өтетін "Білім жолымен" олимпиадасының аудандық кезеңінде "Бәрін білгім келеді" номинациясы бойынша І орын иеленді. Осы сайыстың облыстық кезеңнен ІІ орынды қанжығасына байлады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521