Мереке құтты болсын, байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын.

Сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық ақпарат өкілдерін құрмет тұтамыз.

Исатай ауданында да бүгінде 66 жылдық тарихы бар аудандық «Нарын таңы» газеті мен облыстық телеарнаның өкілдігі, аудандық пошта байланысы мекемесі бар. Аталған ақпарат көздері мен байланыс қызметі қалың бұқараны елімізде болып жатқан жағымды жаңалықтар мен серпінді жобалар бойынша үнемі ақпараттандырып, заман талабына сай еселі еңбек ету керек. Бүгінде алды отыз жылдай, арты бес-он жылдай білікті қызметкерлер еңбек ететін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы мамандар өз ісінің шеберлері ретінде бұқарамен біте қайнасуда.

Құрметті журналистер! Нақты адами ұстаным, болып жатқан жайтқа бейжайлық танытпау, мәселенің мәніне үңілуге ұмтылу – Сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры. Бүгінгі қоғамның өзекті әрі шынайы ақпаратқа деген талғамы өте жоғары. Сіздер - оқиғалардың қалың легіндегі түйткілдерді дөп басып, дүйім жұртқа шындықтың бетін ашатын дәнекерсіздер.

Осы орайда кәсіби мереке иелеріне ерен еңбектері мен жоғары кәсібиліктері үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге шығармашылық шабыт тілеп, жаңа бастамаларыңыз жүзеге ассын деймін. Отбасыларыңыз бен жақындарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Құрметпен, аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT