Сауд Арабиясында ертең айт. Бізде ше?

- "Сауд Арабиясындағы Медина қаласында ай көрініпті. Олар бүгін оразаларын тамамдап, ертең айт намазын оқиды екен. Біз қайтеміз, ертең ауыз ашамыз ба?"

Осындай сұрақ көптеп келіп жатыр. Ертең - оразаның соңғы күні. Яғни, айт намазы 5 маусым күні оқылады. Осыны ескеріңіздер, - деді Исатай аудандық "Зинеден ата" мешітінің бас имамы Бейбіт Ағыбаев.

Естеріңізге салайық, «Жаңа айды көріп ораза тұтыңдар, жаңа айды көріп, ауыздарыңды ашыңдар» деген Пайғамбарымыздың хадисін басшылыққа алып,2019 жылдың 11 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімдерінің басшылары жаңа айдың тууын халықаралық астраномиялық зерттеу орталықтарының әдістемесі негізінде белгілеуге бірауыздан келісті. Сондай-ақ оған 4 шарттың табылуы айтылды.Олар:

1. Ай жаңасы 15 сағат 33 минут жалғасады;

2. Ай мен күннің бату аралығы ең азы 29 минут;

3. Айдың күннен ұзарту бұрышы (elongation) 7,7 градус;

4. Айдың горизонттан биіктігі (altitude) 5 градусты құрайды.

Осы шарттар табылған жағдайда жаңа ай басталған болып саналады. Сонымен қатар, Қазақстанда белгілі В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының мәліметі бойынша, жаңа айдың көрінуі 4 маусымға тура келеді, бұл күні айдың батуы күн батқаннан кейін 1 сағаттан кейін болады.

Осыған орай, биыл 2019 жылы Қазақстанда ораза айт күні 5 маусымға сәйкес келіп тұр.

С.Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT