«Сиыр жылы сыйымен келсін». Исатай ауданы әкімі тұрғындарды құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді күнтізбеміздегі жаңа 2021 жылдың келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жыл тек еліміз үшін ғана емес барша әлем елдері үшін қиындыққа толы жыл болғаны белгілі. Пандемия салдарынан ауқымды іс-шаралардың өз деңгейінде өтпегені баршаңызға аян. Алайда бірлігіміз бен елдігіміздің арқасында ел болып қиындықтарды артта қалдырдық. Жұмыла көтерген жүктің ауырлығы білінбейтіндігін тағы да сезіндік.

Құрметті жерлестер!

Өткен жыл біздің ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.

Жаңа жұмыс орындары ашылып, көптеген нысандар бой көтерді. «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асып, 853 адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылы аудан бойынша көптен күткен ауылішілік жолдардың құрылыс жұмыстары басталды. 2020 жылы Аққыстау ауылы бойынша 8,2 шақырым ауылішілік жол құрылысы аяқталып, 2021 жылы аудан орталығында 16,5 шақырымға жол құрылысы жұмыстары жалғасатын болады.

Қалған ауылдық округтер бойынша да 2020 жылы басталған жол құрылысы жұмыстары 2021 жылы да жалғаса бермек.

Сонымен қатар ауданда мал басы – 3,1% өсіп, жаңадан 20 шаруа қожалығы құрылды. Биылғы жылы 17 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, оған 34 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелсін деп тілеймін. Жаңа жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке-бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын.

Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!

Исатай ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521