Сынықшы қамаудан қалай босады?

Тарихшылардың айтуынша, Қазақстанда 103 мыңнан астам қуғынға ұшырап, олардың 25 мыңнан көбі ату жазасына кесілген екен.

Жала құрбандарының қатарында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болған.

Исатай ауданы аумағында да жазықсыз жалаға ілігіп, қудалауға ұшырағандар баршылық. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде солардың бүгінгі ұрпақтарымен кездесіп, тарихтан сыр шерту дәстүрлі дағдыға айналған.

c

Жылдағы дәстүр бойынша Исатай Тайманұлы мұражайында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Есінде елдің зобалаң заман ызғары» атты кездесу кеші өтті. Оған қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Сақтай Бекқалиев пен Мұрат Бектенов арнайы шақырылып, өз ойлары мен естіген-білгендерін ортаға салды.

c

Ауданның Құрметті азаматы Мұрат Бектеновтің әкесі Бектен халық емімінен хабардар адам екен. Оның бұл қыры кеңестік идеологияға жат болып, ақыры қуғынға ұшырайды. Сол кездегі мықтылардың бірінің баласы апатқа ұшырап, сынық салатын адам іздегенде білетіндер абақтыдағы Бектенге сілтепті. Дөкейдің баласының шипасына себеп болған сынықшы сөйтіп қамаудан босаған екен. Бұл жайлы айтып берген Мұрат ағайдың сөзін қуаттаған Сақтай ақсақал да ол кезде саяси қыспақтан жапа шеккендердің көп болғандығын, кезі келгенде әкелерінің ақталуы сол кездегі саясаттың солақайлығын әшкерелейтін айғақ екендігін айтады.

c

Шарада аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева зұлмат жылдарда құрбан болған есіл ерлердің тағдырын ұрпаққа бермеуін, тәуелсіз ел болашағының жарқын болуын тілесті.

Өз тілшіміз

COVID 19

covid

Күнтізбе

мамыр 2020
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21