Тұщықұдықтықтар Тәуелсіздік мерекесін атап өтті

Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік кеш өтті.

Шектеу жағдайларына байланысты мерекелік кеш көрермендер назарына тікелей эфир арқылы ұсынылды.

847489ff-2137-4962-a5ee-4ef02ebeffde

Кеш барысында түркі ойлыларының ең мәшһүрі атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық еңбектері мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздері оқылып, Аққыстау халық театрының өнерпаздары қос ғұламаның бейнесін сомдады.

49baeea5-87f5-4914-bba9-51edbcc92b70

Одан әрі «Көк тудың желбірегені», «Сәлем», «Астана», «Айналдым елім», «Туған өлке», «Кек алма», «Сағыныш» сынды патриоттық әндер орындалды. Сондай-ақ Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің оқушылары егемендік жайында өлең шумақтарын оқып, мерекелік кешті желі арқылы тамашалаған көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

929b8369-fdc3-4ab2-a1e5-893a9b119c21

Кеш соңында Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы көрермендер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өнер ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521