Тәуелсіз елдің қорғаны

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеті - ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғам мен мемлекеттің тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Тәуелсіздігін алған тұста еліміздің әлеуетті құрылымдарының ішінде 1992 жылдың 10-қаңтарында алғашқылардың бірі болып ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР ІІМ Ішкі әскерлері құрылды. Ал, 2014 жылдың 21-сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Ішкі әскерлерін Ұлттық ұлан ретінде қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, 2015 жылдың 10-қаңтарында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Жарлығына қол қойылды. Осы кезде жан-жақтан төнген қауіп-қатер мен сындарға байланысты Қазақстан Республикасының Әскери доктринасымен құқықтық тәртіп әскерлеріне заңсыз қарулы құрылымдармен күрес, аса қауіпті қылмыстарды, диверсияларды, террористік актілерді және қарулы қақтығыстарды тоқтату секілді жаңа міндеттер Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жүктелді. Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірге күн сайын қиыншылығы мол жауынгерлік қызметті атқарып, жоғары қырағылық пен табандылық танытып, бейбіт өмірде азаматтардың тыныштығын қорғап келеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, Ұлттық ұлан өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға; патрулдік-бекеттік қызмет атқару арқылы, оның ішінде көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысуға; жаппай тәртiпсiздiктердiң, топтасып бағынбаушылықтардың жолын кесуге және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға; заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құрылымдар (топтар), террористік ұйымдар, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетінің жолын кесу жөніндегі, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі арнайы операцияларға қатысуға; әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға міндетті. Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген Заңның 22-бабында әскери қызметшінің дене күшін қолдануы бойынша құқықтары белгіленген.

Егер қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесудің өзге де тәсілдері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етпейтін болса, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өзін-өзі қорғау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптарына қарсылықты еңсеру үшін дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға құқығы бар. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің азаматтарға, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жасалған шабуылды тойтару; Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік міндеттерін немесе азаматтық борышын атқарып жүрген өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбаушылықтың немесе қарсылық көрсетудің жолын кесу, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде ұсталған, қашуға тырысқан немесе қарсылық көрсеткен тұлғаларды ұстау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстау үшін арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар. 24 бапта қару қолдану тәртібі белгіленген, оған сәйкес Ұлттық ұланның әскери қызметшілері азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау үшін қару қолдануға құқығы бар.

Бөлімнің жеке құрамы сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген түрлі жоспарлы қызметтік міндеттерді атқарады. Ол- түзету мекемелерін күзету мен сотталғандарды айдауылдау, Ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтау және жыл сайынғы «Құқықтық тәртіп», «Мигрант», «Қару» және т.с.с. жедел-алдын алу іс- шараларына қатысу. Ұлттық ұлан жауынгерлері қиындыққа тап болған азаматтарға, соның ішінде табиғи апаттар, төтенше жағдайларда уақытылы көмекке келеді. Атырау облыстық ІІД жоспарына сәйкес, 5546 әскери бөлімінің әскери нарядтары 1 сәуір- 31 мамырға дейінгі кезеңде жүргізілетін жыл сайынғы «Бекіре» балық қорын қорғау рейдтік іс-шарасына қатысады. Аталған іс-шаралар бірінші кезекте балық қорларының бағалы тұқымдарының уылдырық шашуы кезінде біріккен шараларды күшейтуге бағытталған болса, осы кезеңде 5546 әскери бөлімінің әскери нарядтары Атырау қаласының ІІО қызметкерлерімен бірге Жайық өзенінен бастап «Дамба» балық қорғау бекетіне дейін бағдар бойынша патрульдік-бекеттік қызметтер атқарады.

Сол жерде әскери нарядтар жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, уылдырық шашу кезеңінде балық қорларына браконьерлік және қылмыстық қолсұғу фактілерінің болуына, балықтарды және балық өнімдерін заңсыз шығаруға жол бермейді. Каспий теңізінің, шекаралас өзендердің және Жайық-Каспий каналының жағалауындағы елді мекендердегі тұрғындар дәстүрлі түрде балық аулаумен, соның ішінде браконьерлікпен айналысады. Осы орайда, Исатай ауданының Жанбай және Зинеден (Забурын) ауылдарының маңында браконьерліктің жолын кесуде де (үлкен көлемде заңсыз ауланған балықты тасымалдау кезінде нөмірі жоқ көлік құралдарын ұстау және басқалары) Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығының маңызы зор. Ұлттық ұланның осы және өзге де қырағылық пен жанқиярлық үлгілері құқықтық тәртіп жауынгерлерінің құқықтық тәртіп әскерлері деген жоғары атағын абыроймен алып жүргенінің куәсі. Олар өз Отанының патриоттары ретінде әскери антқа және әскери борышына адал, әрқашан халқының тыныштығын күзетеді және Елбасының сенімін ақтайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

5546 әскери бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT