Тарихта әділетсіздіктің ізі жатқанда, болашақты баянды ету мүмкін емес

Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырмасы өте уақытылы шешім деп санаймын.

Қазақстан тарихы - бұл осында қоныс аударған халықтардың тарихы. Тарихтың бұл ащы беттері халықтың естеліктері, қазіргі таңда алға жылжуға мүмкіндіктердің бірі боп отыр. Себебі, миллиондаған адам жер аударып, қаншама халық жазықсыз азап шекті. Өткен күннен алар сабақ аз емес. Қазіргі күні көкірегі ояу, санасы биік елміз.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтың құрбандарын еске алу күніне орай үндеуіндегі "Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз" делінген.

Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстау мақсатында, осы үндеуді іске асыруға жұмыстану біздің парызымыз деп білемін. Тарихта әділетсіздіктің ізі жатқанда, болашақты баянды ету мүмкін еместігін біліп, осынау үндеуді халыққа арнаған Мемлекет басшысы біздің де ерік жігерімізді көтерді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен қазақтың айтулы тұлғаларының аруағы риза болып, бүкіл қазақстандықтар қуанатын күн алыс еместігіне тағы бір мәрте сеніп отырмын.

Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы,

Аққыстау орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT