Тұрғындар Аққыстау көшесінде домбыра тартты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық аспабымызды кеңінен насихаттау мақсатында шілденің алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп жариялаған болатын.

Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Аққыстау ауылындағы «Qazaq eli» саябағында «Домбыра party» шарасы өткізілді. Ауыл тұрғындарының, оның ішінде жастардың кешкі уақытын тиімді ұйымдастыру, ұлттық аспабымызды насихаттау мақсатында өткізілген шарада аудан жастары белсенділік танытты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Жастар орталығының басшысы Р.Есқали, Ш.Шәріпов балалар саз мектебінің директоры Е.Ақтанов, Жалын мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұ.Меңдіғазиев ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, домбырамен ән салып, күй тартуға шақырды.

d

j

Домбыра кешінің жоғары деңгейде өтуіне жас домбырашылармен қатар ауыл тұрғыны Нұрлан Төлеуішов те өз үлесін қосты. Белсенділікпен қатысқан тұрғындарға сыйлықтар таратылды.

j

Жалпы аудандық жастар ресурстық орталығы ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында гитара, домбыра тарту кештерін тұрақты ұйымдастырып келеді. Олай болса, жазғы демалыстағы кешкі уақытыңызды көңілді өткізгіңіз келсе, isatai¬_zhastar инстаграмм парақшасына жазылып, барлық шаралардан хабардар болып отырыңыз.

Айкөркем Нұрғалиқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT