Үздік туындылар анықталды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық «Нарын таңы» газеті редакциясының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Туған күніңмен, Астанам!» атты шығармалар байқауы өз мәресіне жетті.

Бұған дейін газетімізде хабарланған бұл байқауда Астана қаласына арналған үздік шығарма мен эссе, өлең және суреттер сынға түскен болатын. Астана күні мерекесі қарсаңында аудандық «Жалын» мәдениет үйінде байқау қорытындысы анықталып, жүлдегерлер марапатталды. Сынға түскен шығармаларды сараптаған комиссия «Үздік өлең» номинациясы бойынша бірінші орынға аудандық мәслихаттың маманы Дидар Жеткіновтің туындысын лайық деп тапты. Жыр сайысында Мейрамгүл Жанбосинова 2-орынды еншіледі.

Ажары көз тартатын сұлу шаһарды бейнелеуде Динара Қараева озық келді. Ал, «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты латын қарпіндегі эссе байқауында Инабат Сыралиева 1-орынды иеленді. Байқаудың бұл жанры бойынша Гүлнәзік Құбашева 2-орынға қол жеткізсе, Асылажар Ескендірдің шығармасы 3-орынды жеңіп алды. Ал, Нұршат Серікбол мен Айнұр Набидуллина Алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Үздік шығармалар газетіміздің алдағы сандарында жарияланатын болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

COVID 19

covid

Күнтізбе

шілде 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21