Исатай аудандық "Жалын" мәдениет үйінде "Ембімұнайгаз" АҚ-ның "Жайықмұнайгаз" өндірістік филиалы ұжымының ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарасы өтті.
![]()

Шараға акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков, аудан әкімі М.Мурзиев бастаған ауданның басшылары, басқарма басшылығымен қатар, мұнайшылар мен аудан тұрғындары қатысты.


![]()
Шараның ресми бөлімінде бір топ мұнайшылар "Ембімұнайгаз" АҚ-ның Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа жеткен, мерейлі жасқа толғандары "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы мен кәсіподақ комитетінің марапаттарымен, бағалы байрақтармен марапатталды. Шараның келесі бөлімі жайықтық мұнайшылардың мерекелік-концерттік бағдарламасына ұласты. Мұнайшы өнерпаздардың көңілді концерті көрермендерді тәнті етті.


Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

