Жеңісті тарих ұлықтайды, ұрпақ ұмытпайды

Жетпіс жеті жыл уақыт өтсе де Жеңістің жаңғырығы жадымызда сақталып келеді.

Бұрын Жеңіс мерекесі жауды жеңіп, қиындықты еңсеріп, бейбіт өмірге баспалдақ болған күн ретінде бағаланып, бұл күнге деген көзқарас та, құрмет те ерекше болатын. Қазір де сол дәстүр жалғасын тауып келеді, әйтсе де күні бүгін соғыс ардагерлерінің арамызда жоқтығы уақыт алмасып, Кеңес одағы жөнінде үлкендерден ғана естіп жүрген жаңа ұрпақтың өмірге келуі және еліміз тәуелсіздік алғалы бері бейбіт өмірге бой үйретіп алғанымыз бұл мерекенің сипатының өзгеруіне сеп болған секілді.

img_6361

Қазір Жеңіс күні ерліктің батыл, ерен еңбектің мерекесі іспетті. Қан құйлы соғыста жасалған ерліктер мен тылдағы еңбек жөнінде айтылса, ертегіге балайтын ұрпақ өмірге келді. Бейбітшілікпен көзін ашқан бүгінгі буын үшін ІІ дүниежүзілік соғыс тарих беттерінен ғана мәлім болғандықтан ол күндердегі аға-апаларымыздың көрген қайғы-қасіреттерін сезіне алмауы – заңдылық. Шындығында, ел басына күн туғанда жауға аттанған біздің батыр аталарымыз да кейінгі ұрпаққа қазіргідей бейбіт өмір сыйлау үшін жандарын қиды емес пе?!

img_6362

Айтулы мерекеде тарихтың әр парағына салмақ беріп тұратын соғыстағы ерліктерімен немесе ерен еңбектерімен көзге түскен ардагерлерімізді еске алуды парыз санаған аудан жұртшылығы бүгін «Ардагерлер саябағына» жиналды. Саябақ ішінде жиналғандар сап түзеп, майданнан оралмаған боздақтардың, жеңіс жолында қаза тапқандарды еске алуға арналған мәңгілік алауға алдымен аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық әкімдік және аудандық мәслихат аппараты гүлдесте қою рәсімін бастады.

 

img_6292

img_6283

Сондай-ақ, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім, құқық қорғау органдары, Атырау облысы, Исатай аудандық білім бөлімі, денсаулық сақтау саласы және дербес бөлімдер мен мекемелер қызметкерлері де мемориалдық тақта алдындағы алауға гүл шоқтарын қойды.

img_6298

img_6305

img_6301

Одан әрі соғыста қаза тапқан майдангерлерді елге оралып, әр жылдарда қайтыс болған ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, аудан әкімі Полымбет Хасанов аудан халқын Жеңіс мерекесімен құттықтады:

img_6374

- Алдымен баршаңызды мәртебесі биік, маңызы баға жетпес Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сонау ХХ ғасырдың ең алапат сұрапыс соғысына айналған ІІ дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы талай жанның өмірін жалмады. Сол соғысқа Отан алдындағы борышын өтеуге ауданымыздан 4 мыңнан астам жауынгер майданға аттанып, оның 2 мыңға жуығы елге оралды. Өкініштісі, сол ардагерлеріміздің қазір ешбірі арамызда қалмағаны. Сол кездегі ерен еңбектің үлгісі болған тыл ардагерлері де жыл сайын азайып барады. Жеңіс күні халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Аға ұрпақ алып берген осынау жеңіс бүгінгі күні бізді жетістіктерге жігерлендіреді. Ендігі міндет – алапат соғыстағы жеңістің мәнін жас ұрпаққа ұғындыру, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген тыл ардагерлеріне ұдайы қамқорлық қолдау көрсету, - деп түйіндеді аудан әкімі.

img_6387

img_6339

Иә, аудан басшысы айтып өткендей, аға ұрпақтың ауыр жылдардағы бұл еңбегі мен ерлігі жас ұрпақты патриотизм мен адалдыққа тәрбиелеуге өшпес үлгі болып қала бермек. Сөзімізді қорыта айтқанда, әрине, Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Майдан даласындағы ерлік пен тылдағы ерен еңбекті паш еткен аталарымыз бен әжелеріміздің, соғыстан қайтпаған боздақтар мен жауынгерлердің есімдері жадымыздан мәңгі ұмытылмақ емес.

Айта кетейік, гүлдесте қою рәсімі өзге ауылдық округтерде де болып өтті.

Жеңіс күні құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT