«Бұл өлке әлдилеген жастан мені ...»

Осындай тақырыпты еншілеп, қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мәдениет қайраткері, Махамбет және Исатай аудандарының Құрметті азаматы марқұм Мақсұт Неталиевтің 85 жылдығы сәтінде жырлары халық жүрегінен орын алған қазақтың аса көрнекті ақыны, ұлттың поэзияның тарланы, дүлділ күйші, шежіреші де атанған жерлесіміздің өмір, өнер жолдарын насихаттауды мақсат тұтқан жыр мүшайрасы 24 сәуірде Нариман Үлкенбайұлы атындағы Тұщықұдық мәдениет үйінде өтті.

Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы және аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл жыр додасына өз ауданымыздан, сондай-ақ Махамбет ауданы мен Атырау қаласынан барлығы 18 үміткер қатысты. Олар - Атырау қаласынан Алмас Сыдихов, Махамбеттен Қадыржан Қазымбекұлы, Хамит Ерғалиев ауылынан Дидар Жеткінов, Тұщықұдықтан Жоламан Дәулетияр, Берікбол Қонаров, Жұмагүл Машаева, Айдана Ермұханова, Жаңылсын Бақтығалиева, Аққыстаудан Қожантай Сдихов, Бақытгүл Рахметова, Серікбол Панабердиев, Нұрлан Мұрат, Қырмызы Сыдихова, Зарина Нұрғали, Жанбайдан Адайбек Есекеш, Оралбек Шманов, Зинеден ауылынан Еркебұлан Зинеденов және Исатайдан Саламат Бақтығалиұлы. Ал, ауыл-елге ақындығынан бұрын домбырашылығымен танылғанын көп жұрт біле бермейтін Мақаңа арналған бұл шарада домбырашылардың да арнайы шақырылып, күмбірлете күй төгуі жарасымын тапқан жайт-ты. Шырайлы шара Шәмшиден Шәріпов атындағы саз мектебі фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қара жорға» күйімен шымылдығын ашып, ақын өмірінен үзік-үзік сыр шерткен бейнебаян да көрермен назарына ұсынылды. Бірден айтуымыз керек, тұс алдында туған топырағынан мәңгілік мекен тапқан ақын жатқан Телемген қауымының тұсына, ұзын жолдың бойына қойылған белгіні ашып, мәдениет үйі фойесіне ақын туралы деректі дүниелерден көрме жасақталып, сахнасы да айшықты безендірілген шараға өнерсүйер, соның ішінде өлеңсүйер ағайын аз жиылмады. Олардың алдында сөз алған ауылдық округ әкімі Мәди Өтеғалиев, ауданымыздың Құрметті азаматы Зұлпыхар Сүйнешов мүшайраның мақсатына тоқталды, ақын жайлы толғанысты пікірлерін білдірді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521