«Жасұлан» әскери-спорттық лагерінің ашылуы өтті

Сәрсенбі күні Х.Ерғалиев ауылындағы Новобогат орта мектебінің базасында жылдағы дәстүрмен аудан мектептері бойынша бес күндік «Жасұлан» әскери-спорттық лагерінің ашылуы өтті.

Дала жиынын сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге жас сарбаздардың жаттығатын жерлері мен демалыс орындарын аралаған аудан әкімі лагерь басшысы мен жауапты мамандарға аз уақытта оқушылардың әскери өмірмен танысуына жағдай жасалуын, аталмыш шараның өз деңгейінде өтуін қадағалауды тапсырды.

-14-18 мамыр аралығында өтетін шараға барлығы 110 оқушы қатысуда. Басты мақсат – олардың теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру болып отыр,- деді штаб бастығы Маралбек Хасанов.

Дала жиынының екінші күні Жанбай шекара заставасынан лейтенант, застава бастығының орынбасары Тәжібай Досжан, ефрейтор, шекара заставасының аға теxнигі Орынғали Дюсенгалиев, қатардағы жауынгер, ит нұсқаушысы Талғат Даурбаев (Анзара қызметтік итімен), қатардағы жауынгер Базатxан Азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің арнайы шақыртуымен келіп, болашақ сарбаздарға əскери қызмет кезеңінен көріністер көрсетті.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521