«Жәрмеңке» деген аты ғана

Өткен аптада "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы" бойынша аудандық филиалында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған жәрмеңкеге аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, тиісті мекеме өкілдері және жұмыссыз, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар, пробация, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жас-тар есебінде тұрған азаматтар қатысты. Ұйымдастырылған шара аясында 24 мекемеге қатынас хат жолданып, оның ішінде «ККТС» ЖШС, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық полиция бөлімі, «Кuan trans logistics» ЖШС, «Рубеж-Секьюрити» ЖШС сынды мекемелерінен 149 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Ал, жәрмеңкеге барлығы – 24 адам (Аққыстау ауылдық округі - 12, Тұщықұдық ауылдық округі - 6, Қамысқала алдық округі - 4, Жанбай ауылдық округі - 2), оның ішінде 19 адамның түйіндемелері алынды. Сонымен қатар іс-шараны өткізу барысында келген барлық азаматтарға және жеке заңды тұлғалар өкілдеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша біліктілік, кеңестік көмек көрсетіліп, тиісті бағыттар берілді.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521