Амановтар жеңімпаздар қатарынан көрінді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық жобасы мамыр айы басталғалы бері ауданымыздың ауылдық округтерінде өткізіліп, оған қоғамдағы үлгілі, белсенді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған, ісі мен сөзі жарасқан отбасылар қатысқан болатын.

Ол туралы «Нарын таңы» газетінің өткен санында жазылды.

Ауылдық сыннан өтіп, аудандық сайысқа қатысып, ол биіктен де сүрінбей өткен 5 отбасы облыстық іріктеу сынына жіберіліп, нәтижесінде тұщықұдықтық Амановтар мен аққыстаулық Аманбаевтар әулеттері облыста аудан намысын қорғаған болатын.

Облыстық сында да алға қойылған міндеттер мен тапсырмалардан, құжаттық талаптардан сүрінбей өткен тұщықұдықтық Амановтар екінші орын алса, аққыстаулық Аманбаевтар сайыс лауреаты атанды. Жеңімпаздар мен лауреат отбасыларға облыс әкімінің атынан Алғыс хат пен бағалы сый-сияпат жасалды.

Үлгі тұтатын отбасылар қатары көбейіп, сол әулеттердің аузы дуалы, сөзі мір, ісі бекем үлкен кісілері де аман болсын!

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521