Архив – мемлекет қазынасы

Аудандық мемлекеттік архив және Атырау облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Мекеме, ұйымдарда архив ісі мен құжаттаманы басқару қағидалары және «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі туралы» тақырыпта ғылыми-практикалық семинар іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Архив - 2025» жобасы аясында құжаттама саласы мен архив ісіндегі қолданыстағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қағидаларды таныстырып, өзара іс-тәжірибе алмасу, сондай-ақ архивтер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алудың мүмкіндік деңгейін арттыру болып табылады.

Оған аудандық жергілікті атқарушы органдар мамандары, мектептер, балабақшалар, аурухана және басқа да мекеме, ұйым, кәсіпорындар қызметкерлері қатысты. Семинар барысында Атырау облысы мемлекеттік архивінің жаңа технология бөлімінің басшысы Н.Мұханбедиярова, облыстық архивтің ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің сарапшысы Ж.Жетпісбаева, облыстық архивтің «Анықтамалар беру» бөлімінің архивистісі Д.Шотаевалар сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Соңында облыстық архив құжаттарынан құрастырылып, жарық көрген кітаптар естелік ретінде қатысушыларға табыс етілді.

Жанаргүл АХМЕДЬЯРОВА,

Исатай ауданы мемлекеттік архивінің басшысы

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521