Ауылдық округтердің бюджеті қаралды

Аудандық әкімдікте VI сайланған аудандық мәслихатының кезекті ХХХІХ сессиясы өтті.

Оны аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан және мәслихат депутаттары мен ауылдық округтер әкімдері, салалық бөлім басшылары қатысқан жиынның күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынзер Сапаеваның «2018 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі», «Аққыстау, Жанбай, Қамысқала және Тұщықұдық ауылдық округтерінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі» туралы ауылдық округтер әкімдерінің баяндамалары, сонымен қатар, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Гүлфан Қайрошеваның «2018 жылдың аудандық бюджеттің атқарылуын бағалау туралы» есебі тыңдалды. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы №150-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар, 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №111-VІ «Исатай ауданының әкімдігі жанынан консултациялық-кеңесші орган құрамын бекіту туралы», 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №109-ҮІ «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы аудандық үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы», 2012 жылғы 10 сәуірдегі №26 –Ү «Исатай ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы», 2018 жылғы 23 тамыздағы №170 –ҮІ «Исатай ауданы әкімдігі жанындағы «Жас-тар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы», 2012 жылғы 15 қазандағы №67-V «Аудан әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрамы туралы», 2018 жылғы 25 қаңтардағы №143-VI Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия құру туралы», 2018 жылғы 20 наурыздағы №150-ҮІ «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнінде аудан бо-йынша арнайы мониторингтік топ құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан талқыға салынды. Сонымен бірге сессияда бірнеше кітаптардың авторы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұрат Бектенов пен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайпеден Сидағалиевке ауданның Құрметті азаматы атағын беру туралы шешімі қабылданды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521