Ашық есік күні өтті

Облыс əкімі Нұрлан Асқарұлының тапсырмасына сай əр айдың соңғы жұмасында "Ашық есік" күнін өткізу шарасы жүзеге асуда.

Осыған орай, аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан əкімі Марат Мурзиев, аудан əкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары тұрғындармен кездесіп, көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Кездесуге келген аққыстаулық Құттығұл Шеруенов жаңбыр жауған кезде жекеменшік үйінің айналасына жаңбырдың суы толып кететінін, сол жерге топырақ төгетін көлік қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Теміржол мөлтекауданының тұрғыны Ақылбек Сағынғалиев балаларға ойын алаңы және сол көшеге тасжол керектігін, қоқыс контейнерлерін қоршап үлкейту жөніндегі сұрақтарын жолдады. Бұл сұрақтарға аудан əкімі Марат Мурзиев жауап беріп, бұл мәселелердің күн тәртібінде екенін ескертіп, тиісті сала басшыларымен бірлесе бір шешімі болатын айтты. Сонымен қатар ауылдық округтер мен орталық ауруханада, балабақша, мектеп ұжымдарында да "Ашық есік" күні өтіп, тұрғындар сауалына жауап берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521