Балалардың 98 пайызы лагерге барады

Аудандық қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жос-парына сай өткізілген жуырдағы мәжілісінің күн тәртібіне «Ауданның 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы», «Аудан мектептеріндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық пен оқушылардың жазғы демалысын, көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың жайы туралы» мәселелер енгізіліп, бұлар бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынзер Сапаева, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағираш Беркалиева хабарламалар жасады.

Алғашқы мәселеге орай хабарлама жасаған А.Сапаеваның айтуынша, 2018 жылғы аудан бюджетінің кірістері жоспардағы 6 000 362,0 мың теңге орнына нақты 6 212 601,4 мың теңге болып 103,5 пайызға орындалған немесе 212 239,4 мың теңгеге артық түсірілген.

Аудан бойынша таза кірістер жоспары 2 857 622,0 мың теңге орнына 3 069 860,7 мың теңге болған немесе 107,4 пайызға орындалысы қамтамасыз етілген.

-Өткен жылмен салыстырғанда, таза кірістер 909 520,3 мың теңгеге артық түсіп, өсім 142,1 пайыз болды,- деді хабарламашы.

Ал, 2018 жылы аудан бюджетінің шығыстары 6 000 362,0 мың теңге болып жоспарланған. Нақтысында 5 976 715,7 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалған. Барлығы 23646,3 мың теңге игерілмеген.

Хабарламашы бұл бойынша жеке-жеке тоқталып өтті. Хабарламада республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасының орындалысы, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер саласы және басқа да салалар бойынша игеріліп жатқан қаржылар, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты айтылды, кеңес мүшелері мен қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521