Бақыт қайда барасың? Ұйымшыл елге барамын!

«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді қазақ зиялылары елдік мұраттың жойылмауын көздеді.

Сол елдік мұраттың түпкі негізі – бірлік. Иә, бұл халық нақылы бүгінде өз өміршеңдігін көрсетуде. Ынтымақ пен ымыра бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. Қандайда ел болмасын, терезесі тең, керегесі кең болуды аңсайды.

Шүкір, қазірде Қазақстан өзіндік саяси және экономикалық жүйесі қалыптасқан, әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет. Яғни, қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұратына қол жетті. Бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойы тағдыр талқысына тегеурінді қарсы тұра білген Ұлы Дала елі ұлыс пен ұлтты құтты қонысына сыйдыра білген дархан елге айнала білді.

Міне, осы ауызбіршілік үлгісін одан әрі нығайту мақсатында 2015 жылдың 29 желтоқсанында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Қаңтардың бірінен бастап күшіне енген бұл тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясына негізделген. Әрі осы идеяны біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел сынды бас- ты қағидаттарға бағытталған. «Қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыструына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілік қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар-ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну-бірігудің басты негізі» делінген құжатта. Егемен еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет келді. Аталған күрделі жағдайға қарамастан Ұлт Көшбасшысы тоқсаныншы жылдардағы тоқырауға қарамастан «Әуелі экономика, одан кейін саясат» қағидасын берік ұстанды. Елдің экономикалық ахуалын көтеруге серпінді кірісті. Сондай-ақ ол жыл сайынғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында ел бірлігіне баса назар аударды. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болатынын айқын білді. Ауызбірлік пен түсіністік үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істер үйір болатыны белгілі. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей, ата-бабамыз ынтымақ керектігін айтып кеткен. Бірлік кеткен елге береке де жуымайды. Бүгінде өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы тәуелсіз елдің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, баһадүр бабалардың салған сара жолынан айнымағанның белгісі. Бірлігі бекем елдің биік белестерді бағындыратынына бүгінде көзіміз анық жетіп отыр.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521