Білімсіз болсаң, ешкімге керек емессің

Жасампаз елдің жастары қандай, олар нені армандайды? Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширап, азғана уақытта алдыға қарыштап дамыған Қазақстанның болашағы кімдердің қолында?

Бүгінгі жастар үшін ұлттық, елдік, мемлекеттік құндылықтар дегеніміз не? Жастарды қандай мамандықтар қызықтырады? Мемлекет жастарға қандай жағдай жасады? Жастар мемлекет үшін не істеді? Оларды не ойландырады, не толғандырады? Қандай тың бастамалары мен идеялары бар? Бүгінгі жастардың қолынан не келеді? Бүгінгі таңда жылдам дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда қордаланып қалған, күрмеуі қиын мәселелер көп. Сонымен қатар, жастардың алдына қойылып отырған мақсат-міндеттер де аз емес. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жастардың бақытына орай, бізде тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған.

Жақсы білім шексіз мүмкіндіктер ашады. Оның үстіне бұл мәселе бойынша қазақстандықтардың мүмкіндігі шексіз екенін білу көңілге қуаныш ұялатады. Әрине, ол үшін күш салу керек. Бірақ, ол соған тұрарлық! Бұл мүмкіндіктердің ауқымы кең, тарихы терең және болашағы зор.

Дамыған қоғамның белгісі – ол білім, ғылым және мәдениетті жемісті түрде дамыту. Біздің мемлекетімізде елінің дамуы үшін үлес қосып қана қоймай, оның даму тарихын өзгерту мүмкіндігі бар жігерлі, талантты жастар өте көп. Мұның барлығы ескерусіз қалмауы тиіс.

Қазақстан жастары – белсенді де жарқын топ. Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі қазақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын өзімізге қойған сауалға келер болсақ, қазіргі жастарының келбеті қандай дегенге бір ғана тұжырым жасауға болмайды.

Біз, барлығымыз да, қайталанбас бірегей тұлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссёр, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионикалық протез ойлап тауып, робот техникасын зерттеуде, керемет фильм-дер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал, бұл жолда біз анықтап алуға тиісті ең басты талап мынандай болмақ: "Біздің ең басты құндылығымыз - осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз - қуатты мемлекетті құру».

Айкөркем НҰРҒАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521