Бөлімде – жаңа басшы

Исатай ауданы әкімі М.Мурзиевтің өкімімен 2019 жылдың 21 мамырынан бастап Зиноллаев Айдарбек Фатихоллаұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

А.Зиноллаев 1989 жылы Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі - жоғары.

2010 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «қаржы» мамандығы бойынша бiтiрген.

Осыған дейін ол Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы, Атырау облыстық құрылыс басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінде бас маман және жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, сол ауданның Ганюшкин ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, Қиғаш ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерінде болған.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521