Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар

Аудандық газеттің №2(3002) 10.01.2019 жыл) санында жарияланған Қожантай Сдиховтың «Қазалы үйге қолғабыс етейік» мақаласына орай өз ойымды білдіргім келеді.

Жұмыр басты пенденің өлімнен қашып құтылмайтындығын түсінген халық әркімнің ерте ме, кеш пе, ажал шіркіннің құрығына ілінетіндігін мойындайды.

Әсіресе, 60-70-тен асқан шақтарында қиямет туралы ойланып, ондай күн туа қалса, бала-шағасына не істеу керек екенін ескерте жүреді. «Тумақ болған соң, өлмек парыз» дей отырып, қазақ халқы қазаны шамасы келгенше туған-туыс, ауыл-аймақ, ел-жұрт болып үлкен құрметпен аттандыруға атсалысады.

Халқымызда «Өлім бардың малын шашады, кедейдің артын ашады» деген мақал бар. Халқымызға өлімге қатысты көптеген жөн-жоралғылар, ежелден келе жатқан діни наным-сенімдерге байланысты қалыптасқан салттар да бар. Мұндай әдет-ғұрыптардың бәрі бір-бірімен сіңісіп, мидай араласып кеткені соншалық, оларды бір-бірінен бөліп саралау, аражігін ажыратып сұрыптаудың өзі көпшілік жағдайда қиынға соғады.

Дәстүр бойынша науқас адам әлсіреп, өлім халіне жеткен кезде ағайын-туыстары жиналып, бір-бірінен кешірім сұрап, дүниеден өтер алдында оның өсиет-тілегін сұрап қалуға тырысады. Үлкеннен өлер алдында өсиет тыңдау да халқымыздың бұлжытпай орындалатын қағидасы. Адам өлісімен отырған ақсақалдар оған иман тілеп, бетін жауып, үйінің оң жағына құрылған шымылдық ішіне шалқасынан жатқызады да, үстіндегі киімдерін шешіп, мәйітті ақ шүберекпен жабады.

Өлікті жерлегенше оны оңаша қалдырмай түнге қарай шырақты сөндірмей, ауыл ақсақалдары кезектесіп күзетеді.

Шариғат бойынша өлікті жуудың белгілі бір тәртібі болған соң, сүйекке түсушілердің ішінде бір молда не жуу тәртібін білетін адам болуы қажет.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521