Елдің пікіріне сүйенгеннің еңбегі нәтижелі болады

Осы аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті. Шараға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан, ауылдардан сайланған делегаттар, мекеме-кәсіпорын басшылары, жастар өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Конференцияның күн тәртібіне партия төрағасы Н.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмасына орай «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы, партияның аудандық филиалының саяси кеңесі құрамына өзгеріс енгізу және партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар сайлау мәселелері шығарылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатовтың, «Жас Отан» жастар қанаты аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқалидың және Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рита Маралова мен Өркен орта мектебінің директоры Шынар Сисенғалиеваның ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жарыссөзде Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің директоры Амантай Жәлекеев пен Исатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бекнұр Нармағанбетованың сөздері қаперге алынған соң конференция жұмысына қатысып отырған делегаттар қаулы қабылдап, ұсыныс-тілектерді қабылдады.

Жалпы, шара кезінде баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатовтың сөзінше, ауданымыз бүгінде 97 пайызға ауыз сумен, 97 пайызбен табиғи газбен және 98 пайызға электр жарығымен қамтылып, инфрақұрылым жағынан жоғары деңгейде дамып келе жатқан өңір екен. Қазіргі кезде Томан, Зинеден, Х.Ерғалиев, Исатай, Тұщықұдық елді мекендеріне электр желісі, Өркен, Амангелді елді мекендеріне газ желісі құрылыстарын жүргізу үшін тендерлік рәсімдер жүріп жатыр. Халықты сапалы автомобиль жолымен қамтамасыз ету үшін Жаңа Жанбай ауылының ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылы тапсырылады деп күтілсе, Жанбай ауылындағы мәдениет үйіне кірме жол мен Нарын ауылына арналған кірме жол және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда. Аққыстау ауылына салынатын 60 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үй құрылысына қаражат бөлініп, бүгінгі күні тендерлік жұмыстар жүргізілуде.

- Аудан аумағында биыл қолға алынып, басталатын және алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар өте көп. Осы игі істердің басы-қасында, жобалардың сапасын бақылау жұмыстарының негізгі күші бас партияға жүктелетіні сөзсіз, - деді аудан әкімі Марат Мурзиев.

Жиын барысында облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясына қатысу үшін делегаттар сайланып, оның құрамына аудан әкімі Марат Мурзиев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев, аудандық мәслихат депутаты Лиза Мутянова, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева, жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали кірді.

Конференция жұмысын қорытындылаған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Мурзиев партия активіне алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, жүктелген міндеттер мен тапсырмалар өз мерзімінде әрі сапалы орындалуына сенім білдірді. Мәжіліс қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданды.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21