Елді сүю тазалықтан басталуы тиіс

Күн жылынып, жер аяғы кеңісімен жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің барлық өңірлерінде тазалық айлығы өткізіледі.

Біздің ауданда да аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасымовтың қолымен бекітілген көктемгі елді мекендерді көріктендіру және абаттандыру жөніндегі 15 наурыз бен 15 мамыр аралығындағы санитарлық-тазалық күндері басталып, бүгінде өз деңгейінде жүріп жатыр.

Айталық, аудан орталығы Аққыстау ауылында орын тепкен ірі мекеме, кәсіпорын, ұйымдар әр сенбі сайын өздеріне жүктелген аймақты тазалап, күл-қоқыстан аршып, хал-қадірінше туған өлкенің тазалығы үшін еңбек етіп жүр. Өткен апталарда күн райының қолайсыз, жаңбырлы болғанына байланысты үзіліс берілген шара сенбі күні жанданып, қайта жалғасты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жалғас Шаяхметтің мәліметінше, ауылдық округтер бойынша сенбілік шарасына 1000-ға жуық адам қатысып, 40 тоннаға жақын қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Бұл орайда әр ауылдық округтің негізгі жанды звеносы саналатын мұғалімдер мен балабақша ұжымдарын ерекше атап өткен жөн.

Алдағы уақытта да жарияланған айлыққа орай сенбіліктер шарасы жалғаса беретін болады. Әзірге белсенділік танытпай отырған кішігірім мекемелер мен кәсіпкерлік нысандары әлі де болса науқандық шараға атсалысады деген сенім бар.

Аслан Мұратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521