Ел болашағы - сіз бен біздің қалауымыз

Биыл еліміздің саяси өмірі айтулы жаңалыққа толы болды. Елбасының өз еркімен президенттік өкілеттен бас тартқанының куәcі болдық. Енді саяси сахнамызда тағы бір елеулі оқиға орын алмақ.

Ел Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Президент сайлауының елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер ететіні рас. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елді жетелейтін басшы қажет. Одан соң әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену міндетіне қарай жылжи береміз деген ойдамын. Президенттің «Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау - өте маңызды әрі қажетті қадам» деуі орынды. Өйткені, Елбасы мемлекет басына жаңа буын келіп, жаңашыл идея мен тың реформаның көрініс табуынан зор үміт күтіп отыр. Ал, сайлаудан кейін билік басына келетін тұлға өзіне артылған үлкен жауапкершілікті арқалап, бұған дейінгі жүзеге асырылған саясатымызды ел-жұртпен бірге жарқын болашаққа бастайтынына сенім зор.

Сондықтан, мұндай ауқымды да маңызды саяси шараға жастар да немқұрайды қарамауы тиіс. Өзінің азаматтық көзқарасын білдіріп, сайлауға қатысуы шарт деп білемін.

Еліміздің әрбір саналы азаматын алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Өйткені, ел болашағы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты.

Айбек НҰРЛЫБЕКОВ,

аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521