Ел үшін маңызды шешім

Әлемдегі өзгермелі ахуалға сәйкес уақыт өткен сайын елдің қауіпсіздігіне сын-қатер де көбейе түсуі мүмкін.

Әлемнің алпауыт мемлекеттері Қазақ елінің саяси өміріне көз тігіп отыр. Сондықтан, ішкі және сыртқы, халықаралық жағдайдағы қоғамдық, экономикалық, саяси мәселелердің тұрақтылығы үшін дер кезінде қабылданған оң шешім деп бағалаймын. Еліміз халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі болып, көптеген мемлекеттермен тепе-тең қарым-қатынас жасап отыр.

Еліміздің саяси дамуы нақты, тұрақты бағытта келе жатыр. Олай болса, Елбасы айқындаған басымдықтар, қабылданған әлеуметтік бағдарламалардың шешілуі, жүргізген саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету, осыған дейінгі жүргізген жұмыстардың нәтижесіне қол жеткізу - маңызды іс. Қазақстандықтар үшін ең бастысы - тұрақтылық, бейбітшілік, елдің ертеңіне сену. Болашақ Президентті халықтың өзі таңдауы керек. Сондықтан сайлауға қатысу - ел тәуелсіздігі, болашағы, бірлігі үшін әр қазақстандықтың міндеті.

Лиза МУТЯНОВА,

аудандық мәслихат депутаты,

«Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521