Еңбекпен тапқан нан тәтті

Дүниежүзілік еңбек күні мерекесіне орай қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының аудандық комитеті филиалы қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен Жамбыл атындағы бастауыш мектепте жалпы білім беретін мектептердің жай қызметкерлері арасында “Еңбектің наны тәтті” тақырыбында байқау-жарыс өткізілді.

Байқау-жарыстың мақсаты - жарысқа қатысушыларға еңбектің шешуші ұлттық фактор екендігін дәлелдеу, жай қызметкерлерге көңілді мерекелік көңіл-күй сыйлау, абыройын көтеру, олардың еңбекке деген ынтасын арттыру.

Байқау-жарыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар қысқаметражды бейнефильм мен мультимедиялық жобасын көрсету арқылы өзін-өзі таныстырса, екінші кезеңінде сұраққа жауап беруден, үшінші кезеңінде өзінің ең сүйікті ісін көрсетуден, төртінші кезеңінде еңбек туралы мақал-мәтелдер айтудан, өлеңдер оқудан, әңгіме айтудан сайысқа түсті. Қорытындысында бірінші орынды Исатай орта мектебінің жай қызметкері Гүлфара Оразымбетова жеңіп алса, екінші орынды Жамбыл атындағы орта мектептің қызметкері Алтын Кенжеғалиева мен Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің қызметкері Жанар Алипова иеленді.

Үшінші орын Х.Нәубетов атындағы орта мектептен Оқила Көшекова мен Новобогат орта мектебінен Алма Сабиеваға және Ю.Гагарин атындағы орта мектептен Гүлнар Құсайноваға берілді. Ал, Гүлсім Қабылова аудандық білім бөлімінен “Дана қызметкер”, Дина Тулепова Аққыстау орта мектебінен “Шебер қызметкер”, Өркен орта мектебінен Ақкенже Галимжанова “Еңбекқор қызметкер” атанды.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521