Жастар жұмылып ауылды тазалады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 23 ақпанында Жастар жылының ашылуына орай сөйлеген сөзінде «Жасыл Ел» қозғалысының базасында «Жасыл қала - жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері аудан көлемінде тазалық айлығы басталуына орай 30 наурыз күні «Жастар – таза ауыл үшін» акциясын ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты жастардың ауыл тазалығына үлес қосуы, жастардың туған жерге деген патриоттық сезімін қалыптастыру, ауданымызды көрікті, жасыл аймаққа айналдыру болатын.

Осы мақсат бойынша бас қосқан жастар Аққыстау ауылдық округіне қарасты Есіркеп каналының бойында жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Канал ауыл шетіндегі жолдың бойында орналасқандықтан тұрғындар керексіз тұрмыстық қалдықтарын осы жерге көліктермен әкеліп тастайтынға ұқсайды.

Сенбілікке жиналған 50-ден астам жас ауыл тазалығы үшін белсенділік танытып, барлық аудан жастарын осындай игі істерге қатысуға және тұрғындарға арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төкпеуге шақырды. Аққыстау ауылдық округі бойынша жиналған Өркен орта мектебі, орталық аурухана, Исатай спорт мектебі, Өркен бөбекжай-бақшасы, Абай және Аққыстау орта мектебі мен белсенді жастарға аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов мен Өркен орта мектебінің директоры Ш.Сисенғалиева алғыстарын білдірді. Аталған аудандық акцияға барлық ауылдық округ жастары белсенді қатысты. Акция алдағы апталарда да жалғасын табатын болады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521