Жеңімпаз жас инспекторлар енді облыста бақ сынайды

Өткен аптада аудандық білім бөлімі мен ішкі істер бөлімі және денсаулық сақтау бөлімі бірлескен шара - балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» байқауы өткізілді.

Жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылар білімінің сапасын арттыру, сап дайындығы, жолдарда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау жөніндегі озық тәжірибелерді тарату, алғашқы медициналық көмек көрсету, велосипедшілер ептілігі, жас реттеушілер міндеті, үгіт жұмыстарының жаңашылдығы «Саптық көрініс», «Жол қозғалысы ережелерінің белгілері», «Қауіпсіздік дөңгелегі», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Эрудит», «Үгіт бригадалары» аталымдары бойынша 10 команда бақ сынасты.

Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін байқаудың қатынасушылары нысанды киіммен командир бұйрығымен саптық пәрмендердің орындалысынан-ақ топ айырмашылықтары ерекшеленіп көріне бастайды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Ақмарал Ізтелеуова және мейірбике Анар Сүлейменова жол оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсету сынағын жүргізіп, жас санитарлар біліктерін анықтады. Сондай-ақ ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысының ережелері, белгілері жайында мәліметтерді қаншалықты білетіндіктерін сараптады.

Сайыс қорытындысында Новобогат, Ғ.Мәсәлімов, Аққыстау орта мектептерінің командалары үшінші орын, Өркен, Х.Нәубетов атындағы орта мектептері командалары екінші орын, Абай атындағы орта мектеп командасы бірінші орын иегерлері атанды.

 

Жеңімпаз топтарға аталған бөлімдердің марапаттары табыс-талды. Облыстық байқауға жолдама алған Абай атындағы орта мектеп оқушылары жеті аталым бойынша бақ сынайтын болады.

Гүлшат ХИСМЕТУЛЛИНА,

байқау ұйымдастырушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521