Заңсыз балық аулау тыйылмай тұр

Дүйсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Асхат Қасымовтың қатысуымен «Бекіре - 2019» науқаны аясында жиын өткізілді.

Аудан әкімі Марат Мурзиевтың төрағалығымен өткен бұл жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, шекара қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан басшысы 2019 жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыр аралығында аталған науқанның көктемгі кезеңі бойынша жедел алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланғанын, оған Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бұйрығымен бөлімнің жеке құрамы жұмылдырылғанын, олар қызметтік автокөліктерімен топтарға бөлініп, Каспий теңізі жағалауы мен айналма жолдарға рейдтік жұмыстары ұйымдастырылып жүргенін айтты. Сонымен қатар, балық және балық өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын болдырмауда Каспий теңізі жағалауындағы елді мекендердің автожолдарына, айналма және далалық жолдарға бақылауды күшейту үшін арнайы мобильдік топтар да құрылатын болды. Қазіргі таңда заңды балық аулаушылардың жалпы саны 326 адамды құрайды.

Науқан басталысымен теңіз жағасында қалған қайықтармен балық қалдықтарын жинауда жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастыру, заңсыз балық аулауға тосқауыл қою іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында Атырау облысының мамандырылған табиғат қорғау прокуроры Асхат Қасымов 2 сәуірден бастап тиісті мамандармен бірлесіп жұмыс жасаған. Оның айтуынша, аудан көлеміндегі теңіз жағалауында балық аулаушылардың орны жоқ, яғни, кеме, қайық қоятын орын белгіленбегендіктен заңсыз балық аулау фактісі анықталған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта аудан бойынша теңіз жағалауында 7 кооператив 66 кемемен балық аулайды екен. Осыған орай, балық аулау науқаны барысында заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жан-жақты профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, бақылауға алынуы тиістігін жеткізген прокурор Асхат Қасымов жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатып, мәселені оңтайландыруда ұсыныстарын айтып, бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521