Зинедендік жайдарманшылар жеңімпаз атанды

Күлкі - өмірдің кілті. Күлкі адам өмірінің ұзаруының негізі себептерінің бірі деседі ғалымдар.

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлының «Күле білу - өмір, күлкі болу - өлім, күлдіре білу - өнер» деген сөзі бар. Иә, расымен талғамы биік көрерменнің алдында біреулер күлкі сыйлаймыз деп қылжаққа айналса, енді бірі сол сәттегі астарлы әзілінің арқасында халық жадына ұзақ сақталып қалып жатады.

1 сәуір - Күлкі күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен және «Жалын» мәдениет үйінің атсалысуымен «Жастар жылы - жаңа леп, жаңа толқын» тақырыбымен көңілді тапқырлар ойыны ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат аудан жастары арасындағы тапқыр, ұтымды ой айтып, әзіл мен қалжыңды орынды жеткізе білетін жастарды біріктіру және оларды насихаттау болатын. Ойынның шарты бойынша 4 кезеңнің қорытындысымен Зинеден ауылының құрамасы жүлделі І орын, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің ұстаздарынан жасақталған «Нұр-Олимп» командасы жүлделі ІІ орын, Аққыстау құрамасы ІІІ орынды иеленді. Қазылар алқасының төрағасы болған республикалық «Жайдарман» ойындарының жүлдегері, республикалық деңгейдегі ойыншы қамысқалалық Эльдар Тұрсынғалиұлы барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жергілікті жерде мұндай әзілкештер ойындарын дамыту бойынша ұсынысы мен пікірін білдірді. Шара соңында барлық командалар бағалы сыйлықтарға ие болды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521