Исатай ауданының «Жыл адамы» анықталды

Былтырғы үздіктерді анықтап, марапаттау шарасы әдеттегіше өткен жылғы күнтізбенің соңында, яғни, желтоқсанында емес, қазақша жыл басы саналатын наурыз айында ұйымдастырылды.

Аудандағы үздік сала мамандарын табиғат қайта түлеп, жыл жаңарған тұста ұлығылау дәстүрлі шараның басты ерекшелігі болды.

Ауданның «Өз мамандығының жыл үздігі» және «Жыл адамы-2018» атағына лайықтыларды тану туралы комиссия ұйғарымына сәйкес аудандық мәслихаттың шешімімен «Жыл адамы» болып «Арайстройсервис» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Алмас Аманбаев танылды. Бұл марапатты салтанатты түрде аудан әкімі Марат Мурзиев табыстады. Аудандық мәслихаттың депутаты, іскерлігімен өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкер А.Аманбаев жақында ғана Тұщықұдық аулының әлеуметтік аз қамтылған бір отбасына баспана алып беріп, алғыс арқалаған болатын.

Айта кетейік, шарада басқа да өз саласының үздіктері ұлықталды. Ол жайында толығырақ газетіміздің алдағы санында жариялайтын боламыз.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521