Клубтың атқарар ісі аз емес

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп салтанатты түрде жариялағаны баршамызға белгілі.

Сол аталып өткен салтанатты жиында Елбасымыз жастарға сәттілік тілеп, ақ батасын беріп, оларға әлеуметтік қолдау көрсету және болашақ ұрпақтың жігерлі де жалынды, білімді болуына, жастар саясаты бағдарламасын дамыту мен ел дамуы жөнінде айтып өткен болатын.

Бұл Елбасымыздың Жолдауы бізге үлкен мүмкіндік болды. Бізге берілген сол мүмкіндікті, артылған жауапкершілікті ақтау үшін бар күш-жігерімізді салып, елдің дамуына, гүлденіп, өркендеп өсуіне өз үлесімізді қосамыз! Сондықтан да қазіргі таңда Х.Ерғалиев ауылының оқушы жастарының бастамасымен ауылымызда «Мейірім» қайырымдылық клубы құрылды. Клуб жастарға жақсылықты, қайырымды игі істерді насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті үлгі етіп, туған жер табиғатын аялап, қоғамдық салаларға белсене атсалысып, олардың бойына адамгершілік, имандылық, парасаттылық қасиеттерін ояту мақсатында құрылған. «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде, бірлікпен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді» дейді ұйым жастары.

 

Материалдың толығырақ газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT