Кішкентай Арлан – республикалық білім олимпиадасының жеңімпазы

«BILGEN BAIGE» білім олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Аққыстау орта мектебінің 3-сынып оқушысы Амантай Арлан Арманбекұлы білім сайысының мамыр айында өткен республикалық кезеңінде бақ сынаған болатын.

Алғашқы кезеңдерде өз қатарластарынан оқ бойы озып, талантымен танылған білімді балдырған (сынып жетекшісі Жоламанова Гүлмира Аққалиқызы) республикалық сыннан да сүрінбей, жеңімпаз атанды.

Жас жеңімпазымыз мамыр айының 20-сы күні Алматы қаласы, «Алматы Арена» спорт кешенінде өткен марапаттау рəсімінде «SERPIN» Білім жəне инновация ұлттық палатасының басшысы Мұрат Абеновтің қолынан 150 мың теңгенің сертификатына және арнайы жүлдеге тағайындалған 1 жылдық оқу стипендиясына ие болды. Бұған дейін де əртүрлі білім сайыстарында жеңімпаз болып жүрген кішкентай Арланға болашақта алар асуларың көп болсын дейміз.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521