Мектепке Жамбыл есімі қайта оралды

«Нарын таңы» газетінің 7 ақпандағы санында Тұщықұдық ауылындағы жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебіне жыр алыбы Жамбылдың атын беру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шыққаны туралы жазылған болатын.

Осы тарихи оқиғаға орай өткен аптада «Қайта оралған Жамбыл есімі» тақырыбымен аталмыш мектептің Жамбыл атындағы білім ордасы болып қайта ашылу салтанаты болып өтті.

Шараға Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев, жергілікті өлкетанушы Мұрат Бектенов, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің өкілдері және аталған мектептің бұрынғы директорлары, түлектер қатысты. Шараға қатысушылар мектептің тарихы мен әр жылдары қол жеткізген жетістіктерін және мектеп ғимаратына, оны басқарған тұлғаларға қатысты қызықты жайттарды әңгіме етіп, өткен шаққа саяхат жасады.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521