Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылармен кездесті

Кеше Исатай ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Меңдібаев аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер туралы әңгімеледі. Жиналғандармен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында учаскелерде өздерінің таңдауларын жасаулары үшін туғызылатын жағдайлар туралы пікірлесті.

Төраға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау процесіне қатысты туындаған сұрақтарына да жауап берді.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521