«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының филиал кеңесшілері көрсетіп келген қызметтердің біразын енді SERVICES.ATAMEKEN.KZ сайты арқылы онлайн түрде алуға мүмкіндік бар.
Ендігі уақытта кәсіпкерлер 7 бағыт бойынша 70-ке тарта бизнеске қолдау көрсету қызметін үйде отырып та пайдалана алады. Электронды қосымша арқылы кәсібіңізге бизнес-жоспар жасатып немесе мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдіктер, субсидиялар, сертификаттау, мемлекеттік сатып алу, маркетингтік қызмет, бухгалтерлік және салық қызметтері туралы мәліметтерді алуға болады. Сайт өткен жылы іске қосылып, аз уақыттың ішінде өз тиімділігін көрсетті. Бұл - еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған шаралардың бірі.
Бүгінде кәсіпкерлер интернет желісіне қосылған компьютер, смартфон арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтерге ешкімнің көмегінсіз-ақ өздері қол жеткізуде. Аталған сайтты толық меңгере алмағандар немесе интернет желісіне қосылған компьютері жоқ кәсіпкерлер үшін аудандық филиалда орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету орнында филиал кеңесшілері көмек береді. Әрине, бастапқы кезде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Алғашында кәсіпкерлер сайттан тіркеуден өтеді, ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы тиіс.
Материалдың толығырақ газеттен оқи аласыздар