Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес

Ағымдағы жылдың 5-6 сәуір аралығында аудан орталығының адамдар көп шоғырланатын сауда орталықтары, теміржол вокзалы маңында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Аталған шара кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарға құқықтық кеңестер айтып, оларды толғандырып жүрген сауалдарға да жауаптар берді. Сонымен бірге тұрғындар ұсыныстары тыңдалып, қолданыстағы заң аясында тиісті кеңестер берілді.

Жалпы, шарада қатысқан азаматтар өздерін толғандырған автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, жол жүрісін ұйымдастыру, автокөліктерді қайта жабдықтау, айыппұлдар төлеу, миграциялық қызмет және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша мәселелер қозғағанын айта кету керек. Өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алған тұрғындар мұндай мәнді шаралардың жиі өткізілуін қалайтынын айтады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521