Қаруларды сатып алу акциясы

Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінен бастап елімізде заңсыз сақталған қаруларды сатып алу акциясы басталады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген азаматтардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілермен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша сатып алынады. Егер акцияға қатысқыңыз келсе, өзіңіз тұратын жергілікті аудандық полиция бөліміне арыз-өтінішпен бірге қаруыңызды алып келуге болады.

Акция бойынша автомат, аңшылық қару, тапанша, граната, мина, артиллерия оғы, жарылғыш заттар 1-ші, 2-ші, 3-ші санат (категория) бойынша қабылданады. Бір айта кететін жайт акцияға өткізбек болған қаруыңыз жарамды болғаны абзал.

Қабылдау комиссиясы өз еркімен тапсырылған қару үшін жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша ақшасын төлейді. Еш жерде тіркелмеген қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жарылып кететін не болмаса жарақаттауы мүмкін қару мен оқ-дәрілерді қозғаудың қажеті жоқ, ондай жағдайда полиция бөліміне немесе өзіңіздің учаскелік полиция инспекторыңызға хабар беріп, құрылған комиссия өкілдері барып, анықтайды.

Тағы бір ескертпе - азаматтардың полиция бөліміне заңды тіркелген қарулары үшін ешқандай өтемақы төленбейді, тек аңшылық қаруы атуға жарамсыз болған жағдайда ғана немесе алға қарай өзіне қажет болмаған кезде қару иесінің жазған арызына сай жоюға тапсырылады.

Бейбітжан АЙЖАРЫҚОВ,

АПБ-нің ЖПҚБ-нің аға учаскелік инспекторы,

полиция капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521