Қос шәкіртіміз республикалық сайыcқа барады

Жақында Атырау қаласында «Айбын» әскери патриоттық клубтарының облыстық жиыны өткен болатын.

Сайысқа 14 команда, жалпы саны 210 ұлан қатысты. Атап айтар болсақ, үміткерлер саптық дайындық (10 ұл, 5 қыз), спорттық эстафета (3 ұл, 1 қыз), белтемірге тартылу (10 ұл), КЖК (5 қыз), ОЗК (1 ұл, 1 қыз), АК-74 қаруын жартылай бөлшектеп жинақтау (1 ұл,1 қыз) және «Жайдарман» сайысынан сынға түсті. Аталған жарыста «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының ұландары да өнер көрсетті. Олардың арасында жекелей сайыста сынға түскен Сұлтан Алишер «АК-74» қаруын жартылай бөлшектеп, жинақтаудан ең жоғары нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды, сонымен қатар, белтемірге тартылудан да ұландарымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Бұл сайыстан Сұлтан Алишер және Азамат Сұңғатов маусым айында өтетін республикалық «Айбын» әскери-патриоттық клубтары сайысының қатысуына мүмкіншілік алып отыр. Алдағы сындардан ұландарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген сенімдеміз.

Ернияз ЕРМҰХАНОВ,

«Барыс» БДШДК әскери жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз