Қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

Қоғамдық кеңестер дегеніміз коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар болып табылады.

Өткен аптада VI шақырылған аудандық мәслихаттың XXXVII сессиясында «2019-2020 жылдарға арналған аудан бюджетін нақтылау және қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекіту» бойынша мәселелер қаралып, тиісті сала өкілдері баяндама жасаған соң депутаттар корпусы бірауыздан кеңестің жаңа құрамын бекітті.

Жалпы, өткен жылдары аталған кеңес отырыстарында қазіргі кезде өзекті болып тұрған әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мәселелерінің көтерілгенін және тиісті сала басшыларынан есеп алынғанын, тіпті кейбір тетіктер бойынша атқарылмаған іске риза болмаған кеңес жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен мәселеге қайта айналып соғып, талқылаулар болғанын аудандық газет кезінде жазды. Енді жаңадан сайланған кеңес құрамы да өз құзыреті шеңберінде талайлы мәселелерді қозғап, көптеген түйіндердің шешілуіне оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Айтпақшы, аудандық қоғамдық кеңеске төраға болып еңбек ардагері, жергілікті өлкетанушы, тұщықұдықтық белсенді Мұрат Бектенов сайланды.

Кеңестің басқа мүшелері туралы мәліметті газетіміздің 13-бетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521