1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Көлік құралдары салығы бойынша есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдеріне бірқатар өзгерістер енді.

Биылғы жылдан бастап тұрғындарға көлік салығын 1 сәуірден кешіктірмей төлеу міндеттеледі. Бұл – салық заңнамасындағы жаңашылдық.

Белгіленген мерзім уақытына үлгермеген жағдайда, әрбір кешіктірілген күнге өсімақы қосылады. Сондай-ақ өткен 2020 жылдағы көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Бұған дейін автокөлік иелері оны жыл соңына дейін төлеп келді.

Айта кетейік, автокөлік иелері өз берешегін тұрғылықты жеріне байланысты Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан біле алады.

Қуаныш Тахаев,

Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықтық бақылау және өңдіріп алу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз