102 КОМИССИЯ МҮШЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Қарашаның 20-сындағы Президент сайлауы – елдің ертеңі айқындалар сәт. Ол да күн озған сайын жақындап келеді. Осынау жауапты науқанға орай Исатай ауданында қанша сайлау учаскесі жұмыс жасайды, олардағы дайындық жайы нешік?

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашевтың айтуынша, ауданда 16 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды, оның 1-уі аумақтық, 15-і учаскелік сайлау комиссиялары.

Қазір  оларда 102 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Олардың барлығы да өздеріне жүктелген жауапкершілікті жете түсінеді, алды - 25, соңы 3 жылдай жұмыс тәжірибелері бар азаматтар мен азаматшалар.

Сайлау учаскелері мүгедектерге арнайы кабина, моноблок, жүру жолақтары, тағы да басқа сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Аталған учаскелер мектептерде орналасуына байланысты оқу процесіне кедергі келтірмеу де ескерілгендіктен кабиналарды құру, орналастыру қазан айының 20-сынан, яғни бүгіннен бастап қолға алынуда.

 

сурет ашық дереккөз

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521