105 ЖАСТАҒЫ АТЫРАУЛЫҚ ӘЖЕ ДАУЫС БЕРДІ

105 жастағы Балзиба Мәжитова үйден дауыс берді. Ол 1936 жылдан бері талай сайлауға қатысып келеді екен. Үш жыл бұрын Қызылқоғадан Атырау қаласына көшіп келіпті. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда сауыншы болып еңбек еткен. Бүгін оған №247 сайлау учаскесінен өкілдер келіп, дауыс беруіне жағдай жасады. "Тыныштық пен бейбітшілік. Бұл - ең бастысы" деп атап өтті ақжаулықты әже.

 

Надежда ШИЛЬМАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521